"Мен дайынмын". Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек талап етті
Oktagon промоушенінің басшылығынан өзіне танымал әрі мықты қарсылас беруді талап етті.
Қазақстандық ММА файтері, Oktagon промоушенінің аса жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов (19-9) келесі жекпе-жегін өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Ол промоушен басшылығына үндеу жасап, өзіне танымал әрі мықты қарсылас беруді талап етті.
"Маған аты бар қарсылас беріңдер"
Жұмағұлов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында 56 келіге дейін салмақ қуу үшін жекпе-жектің деңгейі соған сай болуы керегін айтты.
"Мен жекпе-жекке дайынмын. Oktagon, жалғыз сұрақ – кіммен? Ешкім танымайтын кездейсоқ қарсылас үшін 56 келіге дейін салмақ қууға өзімді қинамаймын. Севериноның жекпе-жегі бар. Маған үлкен есім, нағыз сынақ беріңдер – сонда октагонға шығамын. Маған маңызы бар жекпе-жектер керек", – деп жазды Жұмағұлов.
Осылайша, қазақстандық спортшы келесі кездесуде дивизиондағы белгілі файтердің бірімен жұдырықтасқысы келетінін ашық білдірді.
Соңғы жекпе-жегі нәтижесіз аяқталды
Жалғас Жұмағұлов Oktagon-дағы соңғы кездесуін 6 маусымда Братиславада өткізді.
Оның қарсыласы бразилиялық Игор Северино болды. Қазақстандық файтер жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге таласқан. Алайда екінші раундта Северино абайсызда Жұмағұловтың шап тұсынан соққы жасап, қазақстандық спортшы кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде жекпе-жек өтпеді деп танылды.