Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшы Үндістанда қарсыласын нокаутпен жеңді
instagram/bashen.aidos

Қазақстандық боксшы Үндістанда қарсыласын нокаутпен жеңді

Айдос Тастаев Үндістан астанасы Нью-Делиде кәсіпқой бокстағы 19-шы жекпе-жегін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Тастаев үндістандық боксшы Сураж Сингхпен кездесіп, жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Қазақстандық былғары қолғап шебері бірнеше соққыдан тұратын комбинациядан кейін дәл соққы жасап, қарсыласын құлатты.

Сингх орнынан тұруға тырысқанымен, алған соққысының әсерінен жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, Айдос Тастаевтың жеңісін нокаутпен тіркеді.

Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы Universal Boxing Organization (UBO) Continental Super Welter титулын да сарапқа салынды. Тастаев жеңістің арқасында чемпиондық белбеуге ие болды. Боксшы жеңісін ұлына арнады.

"Менің ең үлкен мотивациям - ұлым. Балам, бәрі сен үшін. Әр соққы, төгілген әр тамшы тер - сен үшін. Мен оны бір ай бойы көрмедім, қатты сағындым", – деді Тастаев.

Жарнама
Жарнама