Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Головкин: 2028 жылғы Олимпиадада боксты сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін

Редактор Penalty.kz
29.10.2024, 12:51

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан ҰОК басшысы әлем біріншілігіне қатысып жатқан командаларға бейресми жағдайда қолдау көрсетіп, жас боксшылармен естелікке суретке түсті.

Головкин спортшыларға арналған үндеуінде 2028 жылғы Олимпиада ойындарында боксты сақтап қалуға басымдық беретінін атап өтті. 

«Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін, деп уәде беремін. 

«Биікке ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызға жету үшін күштеріңізді аямаңыздар. Барлығына жеңіс және әлем чемпионатында жетістікке жетуді тілеймін», - деді Геннадий Головкин. 

Айта кетелік, Пуэблодағы әлем чемпионаты World Boxing  аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Оған 30 елден 180 боксшы қатысып жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары