Жанқош Тұраров қыз зорлады деген іске қатысты соңғы шешім шықты

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 12:12

Алматының полиция департаменті түсінік берді. 

BAQ.KZ

Алматының полиция департаментінде боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша түсінік берді. 

1996 жылы туған қыз биыл 21 тамызда Алматының Әуезов аудандық полициясына өзін зорлағаны туралы шағым түсірді. Полиция қылмыстық іс ашқан болатын. 

2024 жылдың 18 қазанында Tengri Sport тілшісі департаментке іс бойынша сауал жолдады. 

"Іс бойынша сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталмады. 20 қазанда Қазақастан Республикасы Қылмыстық-процессуалды кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы соңғы шешім шықты. Бұл шешіммен Әуезов аудандық прокуратурасы келісті", - дерп жауап берді полицияда сауалға.