Жарыс 23-24 қараша күндері Beeline Arena спорт сарайында шымылдығын түреді.
Қарашаның 23-24-і күндері Астанада пара дзюдодан Grand Prix турнирі өтеді.
Қазақстан пара дзюдо федерациясы келтірген мәлімет бойынша балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша күреседі.
Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдессе,бұрымдылар 52, 60, 70, +70 келі салмақ бойынша жүлдеге таласады.
Бұдан бөлек, Халықаралық дзюдо федерациясы олимпидалық салмақ дәрежесіне кірмейтін 2 салмақта (ерлер - 64 келі, әйелдер - 46 келі) жүлде үлестіреді.