Иэн Гэрри Шавқатқа үндеу тастады
Ирландиялық файтер шоу жасайық дейді.
fightnews.info
Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген ирландиялық файтер Иэн Гэрри қазақстандық қарсыласы Шавкат Рахмоновтың жазбасына жауап қалдырды.
Жекпе-жек анонсынан кейін қазақстандық жауынгер жартылай орта салмақ дизивионындағы үздіктердің жұдырықтасудан бас тартқанына көңілі қалғанын айтқан болатын. Бұл жазбаға Иэн Гэрри былай жауап берді:
«Келісемін, бұл дивизион көңіл қалдырады. Бірақ біз бұл күннің келетінін білдік, енді шоу жасайық», – деп жазды Гэрри.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрри арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсанда UFC 310 турнирінде өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet