Қазақстандық балуан қыз беделді турнирдегі тартысты белдесуде қола медаль жеңіп алды
26.01.2025, 14:35
Тыныс Дүбек Красноярскте өтіп жатқан "Иван Ярыгин Кубогы" турнирінің қола жүлдегері атанды.
@qaz_team_official
Тыныс Дүбек 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін ресейлік Ольга Яценкомен тартысты белдесу өткізді.
Тыныс белдесу барысында 0:3 есебімен ұтылып жатқан. Бірақ ерекше жігерлік танытып, 4:3 есебімен қарсыласынан жеңісті жұлып алды.
Айта кету керек, Воронеж облысының өкілі Яценко еркін күрестен 21 жасқа дейінгі қыздар арасында Ресей чемпионы болған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама