NAIZA-ның бұрынғы файтері UFC-де өнер көрсететін болды
12.02.2025, 22:08
Тараптар тиісті келісімшартқа қол қойды.
made4fighters.com
Бұған дейін NAIZA жұдырықтасқан өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Машрабжон Рузибоев енді UFC-де айқасады. Бұл туралы Sport+ хабарлады.
Басылымның дерегі бойынша, Машрабжон ақпанның 15-інде алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Дебют америкалық Джаред Гордонға (20-7) қарсы болады.
Айта кетейік, Рузибоев соңғы екі айқасын Ресейдің Open FC лигасында өткізді. Бұған дейін ол Қазақстанда да өнер көрсетіп, NAIZA-да Хусан Шерматовты және OCTAGON лигасында Константин Линникті жеңген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама