Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына тап болды

Редактор Penalty.kz
12.02.2025, 19:34

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) өздерінің ресми сайты ita.sport-та қазақстандық грэпплер Сәрсен Жетібаевқа қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына тап болды
zakon.kz

Павлодарлық спортшы былтыр Астанада өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін WADA-ның антидопингтік ережелерін бұзды деген айыппен спорттан уақытша шеттетілді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда 24 жастағы испаниялық Икер Камару Домингесті 2:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленген еді.

Бірақ жарыстан кейін бекітілген регламентке сәйкес, Сәрсен допинг-бақылаудан өтті. Екі аптадан кейін келген талдау нәтижесі елдің спорт қоғамдастығына ауыр соққы болғандай. 12 қазанда тапсырған сынамасынан кейін қанынан тыйым салынған "Болденон" препараты табылды.

Енді спортшы кінәсіздігін дәлелдей алмаса, ұзақ мерзімге дисквалификация алуы мүмкін. Себебі "Болденон" – анаболикалық стероидтар қатарына жататын препарат.

Жалпы 27 жастағы Сәрсен Жетібаев бірқатар маңызды жетістіктермен ерекшеленді:

  • 2022 жыл – әлем чемпионатының финалисі; 
  • 2023 жыл – World Combat Games турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақ; 
  • 2024 жыл – екі дүркін Азия чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанда допинг дауы болған. Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Самат Айтпанбет те допинг-бақылаудан өте алмаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір