UFC файтері Дастин Порье күлкіге қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев экс- чемпион, америкалық Дастин Порьенің футбол бутсаларымен баскетбол алаңында тұрған фотосын көріп күліп жіберді. 

UFC файтері Дастин Порье күлкіге қалды
rbc.ru

"Мүмкін емес", – деп жазды Махачев Instagram желісіндегі сторисінде фотосуретті бөлісе отырып.

Еске салайық, Махачев соңғы жекпе-жегін UFC 311 турнирінде (Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) өткізді. Ол октагонда бразилиялық Ренато Мойканомен кездесті. Кездесу алғашқы раундта ресейлік спортшының тұншықтыру әдісімен аяқталды.

Бұл жеңіс Ислам Махачев үшін жеңіл салмақтағы қатарынан 14-ші жеңіс болды. Осылайша, ол өз дивизионындағы үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір