Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) 5 сәуір күні Астанада рингке шығады.
Батырдың қарсыласы ұлыбританиялық Кейн Гарднер (17-4, 7 КО) болады. Рингтегі лақап аты – "Сахар".
Жекпе-жек Қазақстанның орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) титулдық айқасы алдында өтеді.
Бас жекпе-жекте Жәнібек Франция өкілі Анауэле Нгассамингемен (14-0, 9 КО) кездеседі.
Жүкембаев 2024 жылы мамырда АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Ситиде рингке шығып, украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) 5-раундта техникалық нокаутпен жеңген.