2-наурызда отандасымыз UFC Fight Night 253 турнирі аясында октагонға шығады.
2 наурыз, жексенбі күні таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) UFC Fight Night 253 турнирінде октагонға шығады. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.
Асу Алмабаевтың қарсыласы – UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған Ангола өкілі Манел Капе (20-7). Бұл айқас аса жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Айқас бес раундқа жоспарланған.
Алмабаев – Капе айқасын UFC-дің ресми сайтынан тамашалауға болады. Қазақстан уақытымен шамамен 06:20-да басталады.