Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы нәтижелері:
Финалға шыққан қазақстандықтар:
- 48 кг: Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) – 5:0 жеңіс Сиара Уолш (Ирландия)
- 52 кг: Жазира Орақбаева (Қазақстан) – 5:0 жеңіс Рим Беннама (Франция)
- 54 кг: Әнел Сақыш (Қазақстан) – 5:0 жеңіс Мелисса Бунуа (Франция)
- 57 кг: Айдана Забынбекова (Қазақстан) – 3:0 жеңіс Эдиз Эче Асуде (Түркия)
- 60 кг: Римма Волосенко (Қазақстан) – 5:0 жеңіс Николи Ребекка (Италия)
- +81 кг: Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) – 5:0 жеңіс Сейма Дустаз (Түркия)
Қола жүлде иеленген боксшылар:
- 50 кг: Елянұр Тұрғанова (Қазақстан) – 0:5 жеңіліс Роман Мулай (Франция)
- 52 кг: Жансая Рахымберді (Қазақстан) – 2:3 даулы жеңіліс Венелина Поптолева (Болгария)
- 54 кг: Сымбат Әлиасқар (Қазақстан) – 1:4 жеңіліс Сам Гилай Ярен (Түркия)
- 63 кг: Лаура Есенгелді (Қазақстан) – 0:5 жеңіліс Анжела Карини (Италия)
- 66 кг: Гауһар Шайбекова (Қазақстан) – 0:5 жеңіліс Яң Лю (Қытай)
- 70 кг: Әзиза Исина (Қазақстан) – 0:5 жеңіліс Эль Константинидоу (Грекия)
- 75 кг: Шұғыла Нәлібай (Қазақстан) – 2:3 жеңіліс Василиски Ставридоу (Грекия)
Даулы нокдаун және әділетсіздікке күдік
Жансая Рахымберді мен болгариялық Венелина Поптолева арасындағы жекпе-жек үлкен дау туғызды.
Бір сәтте екі боксшы да қатарынан нокдаунға түсті. Бірақ төрешілер Поптолевадан бір ұпай алып тастаса да, жеңісті болгариялық спортшыға берді. Бұл шешім көрермендер мен сарапшылар арасында үлкен пікірталас тудырды.
Қазақстан құрамасының жетістігі
Жекпе-жектер нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы 7 қола және 6 финалдық жолдаманы иеленді.