Қазақстанда ең бай ММА спортшылары кім?

Редактор Penalty.kz
22.03.2025, 13:40

Қазақстанда ММА (аралас жекпе-жек) қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрінің танымалдығы артып қана қоймай, файтерлердің табысы да өсе түсуде. Осы орайда, Naiza FC промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала елдегі ең көп табыс табатын ММА спортшыларын атап өтті.

sportburo.kz

Нұрбек Қарабала пікірінше, қазіргі таңда Қазақстан ішінде өнер көрсетіп, ең жоғары табыс табатын спортшы — Мұратбек Қасымбай.

"Қасымбайдың бір жекпе-жектен алатын гонорары 30 миллион теңгеге (шамамен 60 мың АҚШ доллары) дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ Жуман Жұмабеков пен Фаниль Рафиков та жақсы табыс табады", — деді Қарабала.

Шетелде табыс тауып жүрген қазақстандық файтерлер

Әлемдік ареналарда, әсіресе UFC-де өнер көрсетіп жүрген отандастарымыздың табысы да жоғары деңгейде.

Ең табысты халықаралық ММА спортшылары:

  • Шавкат Рахмонов

  • Асу Алмабаев

  • Артем Резников

"Артем Резниковтың да гонорары өте жоғары екенін естіп жүрмін", — деп бөлісті Нұрбек Қарабала.

Жас спортшылар үшін дайындықтың бағасы қанша?

Жас спортшылар үшін ММА әлеміне алғашқы қадам жасау арзанға түспейді. Дайындықтың құны жаттығу жағдайларына тікелей байланысты.

  • Үй жағдайында жаттығу: ең төменгі шығындар
  • Толыққанды лагерь (тамақтану, спорттық қоспалармен): 150 000 – 350 000 теңге аралығы