Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және кәсіпқой бокста жеңілмеген өзбек боксшысы Баходир Джалолов аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усикке ашық шақыру тастады.
Баходир Джалолов Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларында алтын медаль жеңіп, суперауыр салмақтағы үздік боксшылардың бірі екенін дәлелдеді. Сонымен қатар кәсіпқой бокста ол 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Жақында берген сұхбатында Джалолов мақсаты – Александр Усиқпен рингте жолығу екенін айтты:
"Маған екі-үш ай уақыт беріңіздер, мен Усикпен жекпе-жекке дайын боламын. Маған Усик пен Энтони Джошуамен күш сынасу өте қызық болар еді. Екеуі де Олимпиада чемпиондары әрі кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жеткен. Мен келемін, жігіттер! Сақ болыңыздар", – деді Джалолов The Ring басылымына берген сұхбатында.
Александр Усик кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы атанған.