Бокстан әлем чемпионы ұлттық құрамаға оралды

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 09:16

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Кисловодск қаласында (Ресей) өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысатын ерлер құрамасының жаңартылған тізімін жариялады. 

orda.kz

Ұлттық құраманың сапы келесідей:

  • 48 кг: Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов
  • 51 кг: Бекзат Алдамжаров, Даниял Сабит
  • 54 кг: Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов
  • 57 кг: Оразбек Асылқұлов, Даулет Молдашев
  • 60 кг: Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен
  • 63,5 кг: Ертуған Зейноллинов, Жандос Қыдыралиев
  • 67 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
  • 71 кг: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
  • 75 кг: Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов
  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков, Нұрбек Оралбай
  • 86 кг: Бекзат Нұрдәулетов, Темірлан Мұқатаев
  • 92 кг: Сағындық Тоғамбай, Нұрмұғаммед Юсупов
  • +92 кг: Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай

Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан және Беларусь құрамаларының бірінші және екінші нөмірлі спортшылары қатысады. Жиын 8 сәуірге дейін жалғасады.

Сәкен Бибосыновтың үлкен спортқа оралуы

2021 жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатының алтын иегері Сәкен Бибосынов ұзақ үзілістен кейін құрамға қайта қосылды. Айта кетейік, 2024 жылы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында ол ауыр жарақат алып, операция жасатқан. Сол кезден бастап БАҚ-та оның құрама сапынан тыс қалғаны туралы мәліметтер тараған еді.