Қазақстан құрамасы алғашқы World Boxing әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімін жариялады
25.03.2025, 06:25
2025 жылы өтетін World Boxing әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан ерлер құрамасы сапында кімдер баратыны белгілі болды.
NUR.KZ
Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылдың 30 наурызынан 6 сәуірге дейін Бразилияда өтетін World Boxing аясындағы әлем кубогының алғашқы кезеңіне келесі боксшыларды ұсынады:
- 50 кг — Нұрзат Оңғаров
- 55 кг — Нұрсұлтан Алтынбек
- 60 кг — Талғат Сырымбетов
- 65 кг — Алмат Әбдуәлі
- 70 кг — Дархан Дүйсебай
- 80 кг — Диас Молжігітов
- 85 кг — Дәулет Төлемісов
- +90 кг — Даниял Сапарбай
Жаңа форматтағы бұл жарыс жалпы үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезең — 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді;
- Екінші кезең — 30 маусым – 7 шілде күндері Қазақстанда ұйымдастырылады;
- Үшінші кезең — 21 – 27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның нақты өтетін орны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing ұйымындағы Олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметін атқарады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама