Қазақстандық әлем чемпионы Азия біріншілігінің "алтынын" еншіледі

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 21:35

Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында топ жарды. 

ҚР Спортты дамыту дирекциясы

74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Қайпанов финалда Қырғызстан балуаны Орозобек Токтомамбетовпен күш сынасты. Тартысты өткен кездесуде Нұрқожа 2:1 есебімен Азия чемпионатының алтын медалін қанжығасына байлады.

Бұл — Қайпановтың Азия чемпионаттарындағы үшінші "алтын" жүлдесі. Бұған дейін ол 2019 және 2021 жылдары да құрлықтық бәсекеде топ жарған. Сонымен қатар ол 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және қазіргі әлем чемпионы.

Финалда ұтылған Орозобек Токтомамбетов әзірге ересектер арасындағы халықаралық аренада көзге түсе қоймаған. Десе де, ол 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азияны үш рет бағындырған.