Әлемнің №1 балуаны Азия "алтынынан" айырылып қалды

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 22:27

Болат Сақаев Азия чемпионтындағы финалдық белдесуін өткізді. 

ҚР Спортты дамыту дирекциясы

86 келі салмақ дәрежесінде кілемге шыққан Сақаев шешуші айқаста ирандық Аболфазл Рахманиден 4:11 есебімен жеңілді. Осылайша алтын жүлде Иранның қоржынына кетті, ал Сақаев Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Болат Сақаев UWW рейтингінде 86 келі салмақта бірінші орында, ал Аболфазл Рахмани үшінші сатыда тұр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін 74 келіде белдескен Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының финалында қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовты жеңіп, Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған болатын.

Сонымен қатар 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков Өзбекстан балуаны Шерзод Поёновтан айласын асырып, қола медаль місе тұтты. 

Азамат Дәулетбеков

Азама Дәулетбеков Азияның үш дүркін чемпионы және әлемнің екі мәрте қола медаль иегері саналады.