Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Василий Ломаченконың болашағы бұлыңғыр

Редактор Penalty.kz
31.03.2025, 04:21

Танымал бокс промоутері, Top Rank ұйымының басшысы Боб Арум Василий Ломаченконың мансабы жайлы пікір білдірді. 

ria.ru

Боб Арум Ломаченконың денсаулығына алаңдаулы. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық боксшының болашағына қатысты сұрақ туындады. 

"Ломаченконың болашағы қалай болады дейсіз бе? Шынымды айтсам, білмеймін. Қазір оның беліне қатысты күрделі мәселелері бар. Егер денсаулығы қалпына келсе, ол рингке қайта оралады. Ал егер жағдайы нашарлай берсе – Ломаченконы енді рингте көрмейтін шығармыз", – деді Арум.

Айта кетейік, жақында Top Rank ұйымына украиналық боксшыға қатысты ресми жекпе-жек ұсынысы түскен. Ломаченкоға қарсы WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Джервонта Дэвис жұдырықтасқысы келеді.