Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Даниал Сапарбай Бразилияда керемет камбэк жасады

Редактор Penalty.kz
02.04.2025, 08:20

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Даниал Сапарбай Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастап, жартылай финалға жолдама алды.

Instagram/@sporrministri

Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған Әлем кубогының 1/4 финалында Даниал Сапарбай 90 келіден жоғары салмақта Үндістан өкілі Нарендермен қолғап түйістірді. Бастапқы раундта Сапарбай айқын басымдықпен ұтылып қалды. Дегенмен келесі раундтарда мінез көрсетіп, 3:2 есебімен төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Даниал жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медаль еншілеуге мүмкіндік алды. Ал үнділік Нарендер медальсыз қайтуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы бұл турнирге толық құрамда барған. Жарысқа қатысушы боксшылар тізімі келесідей:

  • Нұрзат Оңғаров (50 кг)
  • Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг)
  • Талғат Сырымбетов (60 кг)
  • Алмат Әбдуали (65 кг)
  • Дархан Дүйсебай (70 кг)
  • Диас Молжігітов (80 кг)
  • Дәулет Түлемісов (85 кг)
  • Даниал Сапарбай (90+ кг)