Бес боксшымыздың төртеуі жеңіліп қалды
02.04.2025, 10:24
Осы күндері Бразилияда бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр.
Vesti.kz
Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық боксшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді: бүгін шаршы алаңға шыққан бес спортшының біреуі ғана жеңіске жетті.
Жеңіске жеткен боксшы:
- +90 келі: Даниял Сапарбай үндістандық қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Бұл күнгі жалғыз жеңіс осы кездесуде тіркелді.
Жеңіліс тапқан боксшылар:
- 60 келі: Талғат Сырымбетов бразилиялық боксшыға 0:5 есебімен жол берді.
- 54 келі: Анита Адишева Польша спортшысына 0:5 есебімен жеңілді.
- 50 келі: Нұрзат Оңғаров өзбекстандық қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.
- 65 келі: Алмат Абдуали де бразилиялық боксшыға 0:5 есебімен есе жіберді.
Бұған дейінгі нәтижелер:
Турнирдің алғашқы күнінде Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетсе, тағы екі спортшымыз қарсыластардың жарысқа шықпауына байланысты жүлделі орынға тікелей өтті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама