Жекпе-жек
Нидерландыдағы турнир: Қазақ боксшысы нокаутпен финалға жолдама алды
Қазақстандық жас боксшы Даниял Сәбит Нидерландыда өтіп жатқан Eindhoven Box Cup турнирінің жартылай финалында нокаутпен жеңіске жетіп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.
Бүгін Эйндховенде сегіз қазақстандық боксшы финалға таласады
Эйндховен қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан халықаралық EBC бокс турнирінің жартылай финалдық кезеңінде сегіз қазақстандық боксшы рингке шығады.
UFC 316: Двалишвили мен Харрисон 50 мың доллардан бонус алды
UFC 316 турнирінің қорытындысы бойынша төрт спортшы "кештің үздік өнері" номинациясында ақшалай сыйлыққа ие болды.
АҚШ-тағы басты бокс кеші ауыр нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Норфолк қаласындағы Scope Arena аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде америкалық Абдулла Мейсон қарсыласын талқандады.
Драмалық жеңіс: Двалишвили О’Мэллиді тұншықтырып тастады (ВИДЕО)
UFC 316 турнирінің басты жекпе-жегінде Мераб Двалишвили Шон О’Мэллиді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
ҚБФ: Өзбекстан Астанадағы World Boxing турниріне қатысады
Турнирге 23 елдің былғары қолғап шебері келеді.
Сенсациялар мен нокауттар: Боксшыларымыз Eindhoven Box Cup турнирінде қалай өнер көрсетті?
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Eindhoven Box Cup турнирінің ширек финалындық жекпе-жектерін өткізді. Жанкүйерлер сенсациялық жеңілістерге де, жарқын жеңістерге де куә болды.
Сабырханның беделді турнирдегі жекпе-жегі сенсациямен аяқталды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының үздік боксшыларының бірі, әлем чемпионы Махмұт Сабырхан Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегінде-ақ жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Абылайхан Жүсіпов Нидерландта өтіп жатқан беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде кезекті жеңісіне жетті.
Курьер боп жұмыс істеген қазақ боксшысы жарақатына қарамастан жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Алматы облысының намысын қорғап жүрген 65 келі салмақтағы Ертуған Зейноллинов Нидерландтағы EBC халықаралық турнирінде екінші рет жеңіске жетті.
Америкадағы қиындықтар: Қазақ боксшыларының шынайы өмірі
АҚШ-та жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшылардың өмірі сырт көзге тартымды көрінуі мүмкін. Instagram желісінде керемет көріністер, жаттығу залдары мен жарқын сәттер жиі жарияланады. Бірақ шындық мүлдем басқаша. Бұл туралы 2013 жылғы әлем чемпионы, қазіргі Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов мәлімдеді.
Руслан Мәдиевтің Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев кезекті жекпе-жегін Испанияда өткізді. Льорет-де-Мар қаласындағы бокс кешінде отандасымыз мексикалық қарсыласы Хорхе Баталья Мартинеспен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек спорт жанкүйерлері үшін тосын нәтижемен аяқталды.
Қазақстандық гүрзі жұдырықты боксшы қарсыласын есінен тандырды (ВИДЕО)
Ауыр салмақтағы боксшы Нұрлан Сапарбай беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирін сәтті бастады.
Сағындық Тоғамбай қарсыласын беделді турнирде аямай сабады (ВИДЕО)
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Сағындық Тоғамбай Нидерландының Эйндховен қаласындағы халықаралық турнирде рингке көтерілді.
Қазақстанның ең сұлу боксшысының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген Балауса Мұздыман өзінің кезекті — сегізінші жекпе-жегін өткізді. Бұл жолы ол египеттік боксшы Ая Рамаданға қарсы кездесуді нокаутпен аяқтады.
Ертуған Зейноллинов халықаралық турнирде қарсыласын ойсырата жеңді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейноллинов Eindhoven Box Cup халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады. Бұл әлемнің үздік боксшыларын жинаған беделді дода саналады.
Бақыт Сәрсекбаев: "Қазақ боксшыларының басты қателігі — тек нокаутты ойлау"
U-22 құрамасының бас бапкері жас спортшылардың басты кемшілігін атады.
Қазақстандық әлем чемпионы Эйндховендегі алғашқы жекпе-жегінде үстемдік танытты (ВИДЕО)
Жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Ақхалықов Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup-2025 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Нидерландтағы турнирде украиналық қарсыласын ойсырата жеңді
Эйндховен рингіндегі үстемдік — өзбек боксшысының шеберлігі тағы дәлелденді.
Олимпиадада жолы болмаған қазақ боксшысы Нидерландта жарқырады (ВИДЕО)
Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Cup турнирін жеңіспен бастады.