Барлық жаңалықтар
Шавкат Рахмоновтың отбасы Жамбылдағы қайғылы жол апатына қатысты мәлімдеме жасады
Шавкат Рахмоновтың отбасы Жамбыл облысындағы өлімге әкеп соққан жол апатына байланысты алғаш рет пікір білдірді. Апаттан оның келіншегі мен баласы зардап шеккен болатын. Бұл туралы Шавкаттың әпкесі, қоян-қолтық күрестен үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова Instagram желісінде жазды.
Этникалық қазақ UFC-де дебют жасайды (ВИДЕО)
Қытайда тұратын этникалық қазақ файтер Тайлақ Нұражы (11-1) UFC аренасына алғаш рет шығады. Ол 23 тамыз күні Шанхайдағы UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шығуы тиіс.
Жәнібек Әлімханұлы бокс аңызының ұлымен жұдырықтаса ма?
Жәнібек Әлімханұлы атақты боксшының ұлы Крис Юбенк-кішімен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Британдық боксшы Конор Беннді жеңген соң, мамандар оның келесі қарсыласы ретінде қазақстандық чемпионды атап отыр.
Қазақстанда болашақ кибертспортшылар тәрбиеленеді
Бүгіннің өзінде елімізде шамамен 1,5 миллион адам киберспортпен айналысады екен.
"Манчестер Юнайтед" Доннаруммаға көз тікті
Париждік клуб қақпашымен келісімшартты ұзарту жөнінде ортақ мәмілеге келе алмаған соң оны сатуға дайын секілді.
Мәскеу Олимпиадасының қазақ жұлдыздары: олар қазір немен айналысады?
45 жыл бұрын Мәскеуде жазғы Олимпиада ойындары өтті. АҚШ бастаған бірқатар капиталистік елдердің бойкотына қарамастан додаға 80 елден 5000-нан аса спортшы қатысты.
Нұралы Әліп "Зениттің" тарихына енді (ФОТО)
Әліп петерборлық клуб тарихында алғашқы қазақстандық капитан атанды.
Биыл "Барыстың" жалақыға қанша жұмсайтыны белгілі болды
Жаңа маусымда астаналық команда ойыншыларға небәрі шамамен 800 миллион теңге жұмсамақ. Бұл көрсеткішпен олар Шығыс конференциясындағы ең шағын жалақы қорына ие клуб болып отыр.
Илья Ильин донер жеуден жеңімпаз атанды (ВИДЕО)
Қазақстандық ауыр атлетика жұлдызы Илья Ильин ерекше челленджде оза шапты. Бұл жолы спортшының қарсыласы – темір емес, донер болды.
96-минутта шешілген тағдыр: Месси соңғы сәтте жеңісті жұлып әкетті (ВИДЕО)
АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы "Чейз" стадионында Дэвид Бекхэмнің командасы – "Интер Майами" мен Мексиканың "Атлас" клубы кездесті. Бұл Лиганың Кубогы аясындағы топтық кезең ойыны болатын.
Неге F1 жауын кезінде жарысудан бас тартты? Бәрі жаңа ережеге байланысты
F1 жанкүйерлері тағы да жаңбыр салдарынан жарыстың тоқтатылуына куә болды — бұл спорттың қауіпсіздік пен технология арасындағы тепе-теңдікті таба алмай отырғанының белгісі.
Италияның қос алыбы таласып жатқан «Арсенал» вингері кім?
Леандро Троссард жазғы трансферлік науқанның басты кейіпкеріне айналды. Лондондық «Арсеналдың» бельгиялық вингері үшін енді Италияның екі алпауыты таласқа түсті.
Спортшылар жасырып келген құпия: майдан арылып, рельефті денеге жетудің жолы
Соңғы жылдары дене пішінін мінсіз етуге ұмтылған жандар арасында «сушка» термині жиі қолданылып жүр. Бұл – майдан арылуға бағытталған жаттығулар мен көмірсулардан барынша бас тартуға негізделген арнайы диета. Нәтижесінде бұлшықет рельефі айқындалып, денедегі май мөлшері азаяды.
Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатында "алтын" медаль жеңіп алды
Афинада (Грекия) өткен 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Жаңажол Қуанышбек ел намысын абыроймен қорғап, алтын медаль иеленді. Ол 45 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр? (ВИДЕО)
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатына дайындық барысын мәлімдеді.
Екі дүркін олимпиада чемпионының денесі тауда қалады
Биатлоншы Лаура Дальмайер Пәкістан тауларында қаза тапты. Оның денесін эвакуациялау жұмыстары жүргізілмейді.
Қазақстандық балуандар жұлдызды құраммен халықаралық турнирге аттанды
Польша астанасы Варшавада дәстүрлі Poland Open халықаралық турнирі басталды. Оған Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер құрамалары қатысып жатыр.
"Тобыл" жаңа легионермен күшейді
Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы Егор Хвальконың командаға қосылғанын жариялады.
WBA чемпионы Йокогамада нокаутпен жеңіліп, атағынан айырылды (ВИДЕО)
Жапонияның Йокогама қаласындағы Yokohama Buntai аренасында үлкен сенсация тіркелді. Бірінші жеңіл салмақтағы (49 кг дейін) WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрик Роса алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғау жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді.
Сенсация! Қазақстан әлем чемпионатында Францияны күйретіп, медаль алды (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық құрамасы семсерлесуден командалық есепте алғаш рет әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Жетістік Грузия астанасы Тбилисиде өткен жаһандық додада тіркелді.