Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда жол апатының саны артып барады

Сарапшы, спорт журналисі
31.07.2025, 18:33

Прокуратура 2023 жылы 15 647 апат тіркелді десе, сақтандыру компаниялары бұл көрсеткіш 92 925-ке жететінін жеткізді. 

pkzsk.info
Реклама
Реклама

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны артып барады. Прокуратура 2023 жылы 15 647 апат тіркелді десе, сақтандыру компаниялары бұл көрсеткішті 92 925 оқиға деп нақтылады. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. 

Биыл көктемде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2024 жылды қорытындылап, елде 31 597-ден астам жол апаты болғанын, 2582 адам қаза тапқанын хабарлады.

Сақтандыру төлемдері: мыңдаған жәбірленуші

«Евразия» сақтандыру компаниясының мәліметінше, тек 2024 жылы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге 131 502 сақтандыру төлемі жасалған. Оның ішінде:

  • 129 878 төлем – көліктерге, жол инфрақұрылымына (баған, қоршау және т.б.) келген материалдық шығынға;
  • 1 624 төлем – денсаулығына зиян келген, мүгедек болған немесе қаза тапқан адамдар мен олардың туыстарына.

Сақтандыру төлемдерінің бір бөлігі 2024 жылға, ал кейбірі 2025 жылға ауысқан.

Фото: kolesa.kz

Сандар айырмашылығы

Сақтандыру компаниялары мен прокурорлар келтірген сандардың айырмашылығы — 4,16 есе. Мұның себебі — ресми статистикада тек адамға зиян келген жағдайлар есепке алынған. Ал сақтандыру жүйесі барлық материалдық шығынды қоса есептейді. Ең үлкен айырмашылық Астанада байқалды — 11,59 есе, ал Маңғыстау облысында — 1,54 есе.

130 мыңға жуық апат

Сақтандыру және құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылы — адам зардап шеккен 15 647 (жалпы 92 925) оқиға, былтыр адам зардап шеккен 31 597 (жалпы 131 502) апат тіркелді. Жыл сайын жол апатының саны бірнеше есе өсіп келеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары