Әлеуметтік желіде қалалық автобусқа қанат бітіп, көкке көтерілген видеосы тарады.
Әлеуметтік желіде қалалық автобусқа қанат бітіп, көкке көтерілген видеосы тарап жатыр. Finratings.kz хабарлауынша, бейнежазбаны «АлматыЭлектротранс» компаниясы жариялаған.
Бейнежазба қала тұрғындарының бірден назарын аударып, «осындай көлік шын мәнінде болса, кептелістен құтылатын едік» деген пікір білдірді. Кейбір қолданушылар бұл ерекше автобусқа атау беріп те үлгерді:
«Летобус – болашақтың көлігі!» «Алматылықтарға арналған әуе желілері»
«Мұндай автобус іске қосылса, оған отыру үшін кезек одан да үлкен болар еді», – деп те қалжыңдады кей оқырмандар.
Әзіл видео алматылықтардың көңілін көтергенімен, қаладағы көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан көлік проблемасын тағы да алға шығарды. Кептеліс – Алматыдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Күн сайын жолдардағы тығыз қозғалыс, толып кеткен автобустар, тұрақ тапшылығы және үздіксіз жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың жүйкесін тоздырады.
Қала әкімдігі жол кептелісін азайту мақсатында бірнеше бастамаларды қолға алды:
Әзірге Алматыда автобустар ұшуды үйренбегенімен, тұрғындар тиімді әрі ыңғайлы қоғамдық көлік жүйесін күтуден үміт үзбейді.