Шымкент қалалық ҚАЖ департаментінің әлеуметтік желісінде блогер Мұрат Әбділдәнің түзету мекемесінде ән айтып тұрған видеосы жарияланды.
Шымкенттегі №54 түзеу мекемесінде шағын мәдени шара ұйымдастырылып, сол аяда блогер сахнаға шығып ән орындады. Қазір Мұрат Әбділдә өз жазасын осы мекемеде өтеп жатыр.
Блогер көрермендермен бөліскен сөзінде еркіндікке шыққан соң өнер жолын жалғастыратынын айтты:
«Бостандыққа шыққаннан кейін шығармашылықпен айналысамын, жаңа әндер ұсынғым келеді. Жақсы жаңалықтарды күтіңіздер», — деді ол.
Айта кетсек, Мұрат Әбділдә ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша — «әлеуметтік алауыздықты қоздыру» дерегімен сотталған.
Былтыр мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғандықтан қайтадан колонияға жіберілді.