Чемпиондар лигасының бесінші туры: Комментаторлар болжамы

Редактор Penalty.kz
26.11.2024, 15:29

Спикерлер турнирдің орталық матчтарына тоқталып, фавориттер мен аутсайдерлерді сөз етті. 

1bol.kz

Танымал спорт комментаторлары Олжас Байбосын, Ермұхамед Мәулен және Әлімжан Асқар 26-27 қараша күндері өтетін Чемпиондар лигасының бесінші турына болжам жасады.

ЖБ-шоудың кезекті шығарылымында спикерлер турнирдің орталық матчтарына тоқталып, фавориттер мен аутсайдерлерді сөз етті. 

«Барселона» - «Брест»

Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсетіп, таң қалдырып жатқан ұжымның бірі – Францияның «Брест» клубы. Олар 4 матчта 10 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында келеді. Бүгін «Брест» каталондық клубпен күш сынасады. 

Ермұхамед Мәулен: «Барселона» бұл матчта 4:1 немесе 3:1 есебімен ұтады. Екі команда да гол соғады - 2,06 кэф.

Әлімжан Асқар: «Брест» гол салмайды – 1,86 кэф.

Олжас Байбосын: «Барселона» 3,5-нан көп – 1,9 кэф.

«Бавария» - ПСЖ

Осы аптадағы орталық матч. Екі ұжым бір-бірімен 2020 жылы Чемпиондар лигасының финалында кездесті. Қазір ПСЖ-ның жағдайы қиын. Команда төрт матчта небәрі 4 ұпай жинады. «Бавария» да осының алдында «Барселонадан» ойсырай жеңілді. 

Ермұхамед Мәулен: Харри Кейн кемі екі гол соғып, «Бавария» айқын жеңіске жетеді. ПСЖ-да мүмкіндік жоқ. 

Әлімжан Асқар: Жалпы тотал 2,5-нан кем болады – 2,86 кэф. 

Олжас Байбосын: «Бавария» жеңіске жетеді – 1,58 кэф.

«Интер»  - «Лейпциг»

«Интердің» еншісінде қазір 10 ұпай бар. Ал «Лейпцигте» төрт ойынның қорытындысы бойынша бірде-бір ұпай жоқ. 

Ермұхамед Мәулен: «Интер» жеңіске жетеді. Фора – 1 болады - 1,65 кэф.

Әлімжан Асқар: «Интер» жеңіске жетеді – 1,44 кэф.

«Спортинг» - «Арсенал»

«Спортинг» қазан айынан бері барлық қарсыласын жеңіп келеді. Өткен турда «Манчестер Ситиді» де қапы қалдырды. Қазір турнирлік кестеде екінші тұр. Бүгін португалиялық ұжым 12-орында келе жатқан "Арсеналды" өз алаңында қабылдайды. 

Ермұхамед Мәулен: Екі команда да гол соғады. Тотал 2,5-нан көп – 1,82 кэф.

Әлімжан Асқар: «Арсенал» жеңіске жетеді – 2,23 кэф.

«Астон Вилла» - «Ювентус»

«Астон Вилла» Чемпиондар лигасын сәтті бастаған команда. «Баварияның» өзін жеңген болатын. Бірақ бертінде бельгиялық «Брюггеге» есе жіберді. Осы жолы Унаи Эмери шәкірттері Туриннен келетін «Ювентуспен» күш сынасады. 

Ермұхамед Мәулен:  «Ювентус» жеңілмейді (Х2) – 1,63 кэф.

Әлімжан Асқар: «Астон Вилла» жеңілмейді (Х1) -1,37 кэф.

Олжас Байбосын: Тотол 2-ден көп – 1,58 кэф.

«Ливерпуль» мен «Реал» 

Кейінгі кездері Чемпиондар лигасында жиі кездесіп жүрген «Ливерпуль» мен «Реал» тағы да кездесу өткізетін болды. Бір айта кетерлігі, «Қызылдар» корольдік клубты 2009 жылдан бері жеңе алмай келеді. Екі рет финалда есе жіберді. Дегенмен, қазір «Реалдың» жағдайы жақсы деуге келмейді. Ойыншылары жарақат алып қалды.

Ермұхамед Мәулен: Тотал 3,5-нан көп – 2,34 кэф.

Әлімжан Асқар: «Лииверпуль» жеңілмейді (1х) – 1,27 кэф.

Олжас Байбосын: «Ливерпуль» жеңіске жетеді – 1,91 кэф.