«Манчестер Юнайтед» — «Челси». Кім жеңеді?

Редактор Penalty.kz
03.11.2024, 14:44

Ағылшын премьер-лигасы аясындағы матч 3 қараша күні Астана уақытымен сағат 21:30-де басталады. 

«Манчестер Юнайтед» — «Челси». Кім жеңеді?
news.sportbox.ru

АПЛ-дың өткен турында «Вест Хэмнен» жеңілген «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде 14-орынға түсіп қалды. Мұндай көрсеткіш – «Қызыл сойқандар» тарихында соңғы 30 жылдан астам уақыт болмаған.

Осы себепті сарапшылар алдағы матчта «Челсиді» фаворит санайды, өйткені «Манчестер Юнайтед» өз алаңында ойнайтынына қарамастан, команда дағдарыста. «Вест Хэмге» қарсы ойындағы сәтсіздіктен кейін клуб басшылығы бас бапкер Эрик тен Хагті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. Оның орнына уақытша Рууд ван Нистелрой келді. Ал оның жетекшілігінде команда «Лестерді» 5:2 есебімен жеңіп, Кубоктың ширек финалына жолдама алды.

«Челси» командасының бапкеріне қатысты жағдай тұрақты. Энцо Мареска қызметін атқарып келеді. Алайда, олар да осы аптада Кубоктан шығып қалды. «Ньюкаслден» 0:2 есебімен жеңілді. Десе де үш күн алдын дәл осы команданы АПЛ-де 2:1 есебімен ұтқан болатын. Лондондықтардың Англия чемпионатында Манчестердегі «Юнайтедке» қарсы ойындарда соңғы жеңісі 2013 жылы болған, яғни бұл жолы да қиын болады.

Болжамды нәтиже: "Манчестер Юнайтед" 2:1 есебімен жеңуі мүмкін немесе ойын 1:1 тең аяқталуы ықтимал.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір