Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шерхан Қалмырза әйгілі Касильясты ығыстырады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:27

«Қайрат» ФК 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың үштігіне енбек. Ол «Спортингке» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығады.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Жас қақпашының тарихи дебюті

Бұл тізімде бірінші орында – бельгиялық Мартен Вандевордт, екінші орында – сербиялық Миле Свилар тұр. Ал үшінші орынды ұзақ уақыт иеленген испаниялық аңыз қақпашы Икер Касильяс орнын енді қазақ футболшысы басып озбақ.

Еске сала кетсек, «Қайраттың» негізгі қақпашылары жарақат алғандықтан бапкерлер штабына жас қақпашыға сенім артуға тура келді. Александр Заруцкий – 20 тамыз күні плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы матчта жарақат алды. Оның орнын басқан Темірлан Анарбеков қарымта ойында пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, «Қайратты» топтық кезеңге алып шықты. Бірақ 14 қыркүйекте ҚПЛ аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында Анарбеков жақ сүйегін сындырып алды. Осылайша «Қайраттың» қақпасын қорғау міндеті жас Шерхан Қалмырзаға жүктелді.

Қалмырзадан бөлек тағы бір жас дарын

Команда сапында тағы бір жас қақпашы Диас Рейімов (18 жаста) бар. Дегенмен ол әзірге негізгі құрамда бірде-бір ресми ойын өткізген жоқ.

Шерхан Қалмырзаның алдағы дебюті қазақ футболы үшін тарихи сәт болмақ. Жас қақпашы бірден Еуропаның ең беделді додасында өз мүмкіндігін сынап көреді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары