Лиссабондық «Спортинг» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында «Қайратқа» қарсы кездесуге кадрлық шығынмен келмек. Негізгі қақпашы Руй Силва саусағынан жарақат алып, алаңға шыға алмауы мүмкін.
Қыркүйектің 19-інен 19-ына қараған түні (Астана уақытымен 00:00) өтетін ойында «Спортингтің» бірнеше негізгі ойыншысы алаңға шықпауы мүмкін. Португалиялық басылым A BOLA хабарлағандай, бас бапкер, мәселен, Руй Боржеш Силваның жағдайын қазір жіті бақылап отыр. Егер ол дайын болмаса, қақпаны жас ойыншы Жоау Виржиния қорғайды.
Құрамда басқа жарақаттылар да бар. Жапониялық хавбек Хидэмаса Морита мен қорғаушы Усман Дьоманде әлі толық қалыпқа келген жоқ, бірақ қосалқы құрамнан алаңға шығу мүмкіндігі бар. Ал вингер Жени Катаму жеке бағдарламамен жаттығуда, сондықтан оның орнын шабуылда жас талант Жеовани Кенда басуы мүмкін.
Жағдайды тұрақтандыру үшін бапкерлік штаб академиядан үш жас ойыншыны шақырды:
Бұл жас футболшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Десе де «Спортинг» үшін тәжірибесіз құраммен Чемпиондар лигасының алғашқы матчын өткізу – оңай сынақ емес.
«Қайрат» үшін бұл жаңалық күтпеген пайдаға айналуы мүмкін. Лиссабондықтардың негізгі ойыншыларының жарақаты алматылық клубтың тарихи дебютінде сенсация жасауына мүмкіндік береді. Дегенмен «Спортинг» академиясы әрдайым дарынды жастарымен танымал.