Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бавария" - "Челси": Тартысты матчта төрт гол соғылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 02:15

Мюнхенде өткен Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турдың басты ойыны жанкүйерлер күткендей драма мен голға толы болды. «Бавария» өз алаңында «Челсиді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы үш ұпайын еншіледі.

pressball.by
Реклама
Реклама

Мюнхенде өткен Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турдың басты ойыны жанкүйерлер күткендей драма мен голға толы болды. «Бавария» өз алаңында «Челсиді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы үш ұпайын еншіледі.

20-минутта «Челси» қорғаушысы Трево Чалоба өз қақпасына гол соғып алды. Бар болғаны 7 минуттан кейін Харри Кейн пенальтиді дәл орындап, мюнхендіктердің басымдығын еселеді – 2:0.

Алайда лондондықтар да қарымта қайтара білді. 29-минутта жас жұлдыз Коул Палмер тамаша шабуылдың нүктесін қойып, есеп айырмасын қысқартты – 2:1.

Фото: gazeta.ru

Екінші тайм

Кездесудің екінші жартысында «Бавария» қарқынын үдете түсіп, тағы бір гол соқты. 63-минутта Харри Кейн дубль авторы атанды. Ал 89-минутта Коул Палмер тағы да қақпаны дәл көздеді, бірақ бұл жолғы гол офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Нәтижесінде матч 3:1 есебімен аяқталды. Жеңіс мюнхендіктерде.

Алдағы ойындар

Келесі турда яғни 30 қыркүйек күні «Бавария» Кипрде «Пафоспен» кездеседі. Сол күні «Челси» өз алаңында Португалияның «Бенфикасын» қабылдайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары