"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына билеттер Қытайға сатылып жатыр ма?
Алматыда өтетін тарихи матчқа аз ғана уақыт қалды.
Билеттер өзге елдерге сатылып жатырма?
Ойынға арналған билеттер белгісіз бір жолмен Қытай халқына сатылып кетіпті. Бұл туралы қазақстандық экс-қақпашы Самат Отарбаев өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады:
«Бүгін, 22.09.2025, жаңалық естідім: Қытайдан, дәлірегі Шанхайдан адамдар “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчына ресми билеттер сатылардан бұрын 1000 билет сатып алған. Мәліметім ресми емес, бірақ қалай да бір айналма жолмен алуға болатын сияқты. Бірақ бір адамға бағасы — 30 000 юань болады екен(ұшақ, тұру, азық-түлік және матчтың билеті), шамамен 2 310 000 тг.»

Естеріңізге салайық, “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч басталу уақыты 21:45 те. Тағы “Реалдан” бөлек “Қайрат” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде алты ұжыммен кездеседі: “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр).
Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын.
Билеттер құны
23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері ресми түрде сатылымға шығады. Баға диапазоны – 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.