Бірер сағаттан соң ресми сайттарда Алматыда өтетін ойынға билеттер сатыла бастайды.
Билеттер 17:00 де сатылымға шығатынына қарамастан, Ticketon сайтында қазірден бастап кезекке тұру басталып кетті.
Он минут бұрын, кезекте 3000 мыңнан астам адам тұрса, қазіргі уақытта бұл сан 5000-нан асты.
Естеріңізге салайық, Ticketon арнайы екі кезеңнен тұратын жүйе енгізді:
Сайтқа кіру кезегі. Көп адам кірсе, алдымен «күту бөлмесіне» түсесіз.
Билетке кезек. «Қайрат – Реал» батырмасын басқан соң нақты билеттерге кезекке тұрасыз.
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің барлық матчына баға бірдей: 30 000 – 250 000 теңге (УЕФА-мен келісілген) аралығында болады.
Батыс трибуна:
30 000 ₸ (1–9 сектор, 1–2 қатар)
250 000 ₸ (1–17 сектор, премиум аймақ)
Шығыс трибуна:
150 000 ₸ (30–48 сектор)
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
75 000 ₸ (18–28 және 49–60 секторлар)
Ескерту:
Әр жанкүйер тек 2 билетке дейін сатып ала алады.
Міндетті түрде ЖСН немесе паспорт деректері енгізіледі. Олар стадион кіреберісінде тексеріледі.
Сатып алғаннан кейін сізге ваучер беріледі. Электрондық билет матч басталуына 6 сағат қалғанда жолданады.
1-тур қорытындысы бойынша қазір алматылық ұжым турнирлік кестенің 34-орнында.