«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер сатылымға шыққан сәтте-ақ сайт құлады
Алматыда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының ойынына билеттердің сатылымы рекордтық сұранысқа ие болды.
Билетке сұраныс рекорд жаңартты
Орталық стадионның сыйымдылығы бар болғаны 23 мың жанкүйерді қамтиды. Алайда сатылым басталған сәтте-ақ 50 мың адам кезекте тұрса, небәрі 5 минут ішінде бұл көрсеткіш 79 468 қолданушыға жетті.
Ал 6 минуттан кейін «Қайраттың» ФК ресми сайтына жүктеме түсіп, жүйе істемей қалды.
Минут сайын өсіп жатқан кезек
Сұраныс геометриялық прогрессиямен артып келеді. Мысалы сағат 17:07-де электронды кезекте 129 мың жанкүйер тіркелді.
Тарихи ойын 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұған дейін ұйымдастырушылар билет бағасын секторларға қарай жариялаған болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.