Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына билет 18 миллион теңгеге сатылып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
23.09.2025, 18:43

Алматыда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының ойынына билеттердің сатылымы еуропалық сайтта сатылып жатыр.

Коллаж
Реклама
Реклама

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері Viagogo сайтында әлі де сатылып жатыр

Бүгін Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттеріне ресми сатылым басталған болатын. Еске салсақ, билеттердің ресми сатылымы сағат 17:00-де ашылды. Алайда небәрі бірнеше минуттың ішінде қазақстандық онлайн-платформаларда барлық билеттердің сатылып кеткені хабарланды. Тіпті, бір уақытта түскі уақыттан өз кезегін күтіп отырған халық өз кезектерін жоғалтып алған екен.

Бірақ мәселе мынада: Еуропадағы халықаралық Viagogo сайтында аталған матчқа билеттер әлі де сатылып жатыр.

Viagogo деген не?

Viagogo – халықаралық онлайн-биржа, мұнда билеттерді қарапайым жанкүйерлер де, кәсіби қайта сатушылар да ұсына алады. Яғни, бұл платформа ресми сатылым арнасы емес, қайта сатушылардың нарығы болып саналады.

Бағалар шарықтап тұр

Viagogo сайтындағы баға жанкүйерлерді қатты таңғалдыруы мүмкін. Мәселен, ең арзан билеттердің құны 538 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбат билеттердің бағасы шамамен 19 миллион теңгеге дейін жеткен.

Сұрақтар туындайды

Бұл жағдай көптеген сұрақтарды туындатады: Қазақстандағы ресми платформаларда билеттер небәрі бес минуттың ішінде таусылып кеткенде, Viagogo секілді халықаралық алаңда мұндай билеттер қайдан пайда болды? Олар кімнің қолына қалай түсті?

Жанкүйерлер үшін бұл мәселе үлкен дау тудыруы мүмкін. Себебі қарапайым халық қолжетімді бағада билет ала алмай қалса, алыпсатарлардың қолында ол бірнеше есеге қымбат бағада сатылып жатыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары