Салмақ тастағыңыз келсе – мына әрекетті дереу тоқтатыңыз!

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 10:00

Арықтағыңыз келсе, тамақ ішкен кезде алаңдамаңыз. Ғалымдар зейінсіз тамақтану қанығу сезімін бәсеңдетіп, артық тамақ жеуге себеп болатынын анықтады. Теледидар қарау, смартфон шұқылау немесе әңгімеге алаңдау — салмақ қосуға апаратын жасырын қауіп.

hi-tech.mail.ru/news

Ғылымға негізделген кеңес

Арықтағысы келетіндерге маңызды кеңес: тамақ ішіп отырған сәтте зейінді сақтау – артық тамақтанудан сақтайды. Калифорнияның Оңтүстік университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, тамақтану кезінде алаңдау – қанығу сезімінің қалыптасуына кедергі келтіреді, бұл өз кезегінде көп мөлшерде тамақ жеуге әкеледі.

Теледидар қарау, интернетті шолу немесе ұзақ әңгімелесу кезінде тамақтану – мидың есте сақтау жүйесін бұзып, адам ағзасында тойғанын сезіну процесін әлсіретеді. Бұл – артық салмақтың басты себептерінің бірі болуы мүмкін.

Тамақ ішіп отырып алаңдау – артық салмақ жинауға апаратын жол 

Ғалымдар мидың гиппокамптың вентралды бөлігіне назар аударған. Бұл аймақ – есте сақтау мен ақпаратты тіркеуге жауап береді. Тамақ ішу кезінде осы гиппокамп орын мен уақыт туралы мәліметтерді жазып отырады.

Зерттеу жетекшісі Скотт Каноски:

“Гиппокамп – бірнеше түрлі ақпаратты тіркейтін биологиялық деректер базасы секілді жұмыс істейді”, – дейді.

Мұндай мәліметтерді сақтау жай естеліктер үшін емес. Гиппокамп пен гипоталамус арасындағы байланыс – аштық пен тамақтану импульстарын реттейтін негізгі механизм. Егер бұл жүйе бұзылса, ми бұрын тамақ ішкенін «ұмытып», адам қайтадан қарны ашқандай сезінеді.

Дұрыс зейін – дұрыс тамақтану негізі

Зерттеу жануарларға жүргізілгенімен, бұл механизм адам бойындағы тамақтану бұзылыстарының кейбір себептерін түсіндіруге көмектесуі мүмкін. Мысалы, есте сақтау қабілеті әлсіреген адамдар жақында ғана тамақ ішкенін еске түсіре алмай, бірнеше рет қатарынан тамақ іше береді.

Яғни, жады – тек өткенді сақтаушы құрал емес, сонымен бірге тойғаныңды сезінуге де ықпал ететін белсенді фактор.

Скотт Каноски зерттеуді қорытындылай келе:

“Адам не және қашан тамақ ішкенін есте сақтау – денсаулыққа пайдалы тамақтану жолындағы негізгі құрал. Бұл дұрыс тамақ таңдаумен бірдей маңызды”, – дейді.