Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертеді: артық тұз – жүрек пен қан тамырларының басты жауы.
Әлем бойынша жыл сайын шамамен 2 миллион адам тұзды шамадан тыс тұтынудың салдарынан болатын жүрек-қан тамыр ауруларынан көз жұмады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі хабарлайды. Ғалымдардың айтуынша, натрийдің артық мөлшері артериялық қан қысымының жоғарылауына (гипертония) себеп болады. Ал бұл өз кезегінде инфаркт пен инсульт қаупін бірнеше есе арттырады.
Бұған қоса, ас тұзының шамадан тыс қолданылуы бүйрек ауруларына, сондай-ақ асқорыту жолдары қатерлі ісіктерінің пайда болуына да ықпал етуі мүмкін.
Натрий ағза үшін маңызды элемент:
Алайда оның артық мөлшері, әсіресе жасырын тұз түрінде (консервілер, жартылай дайын өнімдер, фастфуд, тұздықтар), қан қысымының жасырын көтерілуіне себеп болып, адам денсаулығына ұзақмерзімді зиян келтіреді.
ДДСҰ ұсынған тәуліктік тұз мөлшері – 5 грамм. Бірақ көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да бұл көрсеткіш 10–12 граммға дейін жетеді. Бұл – екі есе артық. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары осыған байланысты ас тұзын тұтыну мәдениетін қайта қалыптастыру қажеттігін алға тартады.
ДДСҰ сарапшылары мен нутрициологтардың кеңесі бойынша, тұзды азайту үшін мына 5 кеңеске құлақ түріңіз: