Рамазан айында қандай дәрумен ішкен дұрыс?

Редактор Penalty.kz
06.03.2025, 20:01

Нутрицологтар сондай-ақ, кімге ауыз бекітпеу керегін де айтты. 

iz.ru

Рамазан айында ең алдымен судың нормасын орындау керек. Нутрицологтар осылай дейді. Яғни ауыз ашқан бетте көп мөлшерде су ішіп, асқазанды тамаққа дайындау маңызды. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады. 

Дәрумен қабылдау

Көктемде иммунитет әлсіз болатындықтан, дәрумендерді қабылдауды тоқтатпау керек.

  • Майда еритін дәрумендер (A, D, E, K):
    • Сәресінде ішу сіңімділікті арттырады.
  • Суда еритін дәрумендер:
    • Кешке, астан кейін ішкен дұрыс.

"Ораза кезінде тамақты сәресінде көбірек жеу керек. Ауыз ашқан кезде аз тамақтану қажет. Яғни фокусты ақуыз өнімдеріне, салатқа және суға қою керек. Оған не жатады? Ет өнімдері, балық, тауық, жылқы еті, кез келген көкөністерден жасалған салаттар", - деді нутрицолог Салтанат Жолдасбекова. 

Ақуыз және май: сәресіге не жеу керек?

  • Ақуызға бай тағамдар:
    • Ет өнімдері: сиыр, тауық, жылқы, балық.
    • Салаттар: кез келген көкөністен.

"Ал сәресінде міндетті түрде ақуыз болуы керек және май. Әсіресе  сары майы, құйрық майды сәресіне жейтін болсақ, кешке дейін адам тоқ жүреді де, ауызашар уақытында көп тамақ жеуден сақтайды", - деді нутрицолог Салтанат Жолдасбекова. 

Ауыз бекітуге болмайтын адамдар

Нутрицологтар келесі адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес береді:

  • Жасөспірімдер.
  • Өтінде тасы бар адамдар.
  • Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар.
  • Онкологиялық диагнозы бар жандар.