Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Смақов пен Зеедорф алаңда кездеседі: Астанада футбол аңыздарының матчы өтеді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 11:25

25 сәуір — Қазақстан футболы күніне орай елордада аңызға айналған ойыншылардың қатысуымен ерекше матч ұйымдастырылады. "Астана-Аренада" Қазақстан және Әлем құрамалары өзара күш сынасады.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы осы матчта жанкүйерлерге естен кетпес эмоция сыйламақ. Құрамда ел футболының тарихына есімі алтын әріппен жазылған футболшылар бар:

  • Самат Смақов, Давид Лория, Жамбыл Күкеев, Сергей Скорых, Улан Қонысбаев, Ренат Әбдулин, Азат Нұрғалиев, Елдос Ахметов, Қайрат Әшірбеков, Вячеслав Богатырев, Алмат Бекбаев, Таңат Нөсербаев, Александр Кучма, сондай-ақ танымал блогер Артур Асқарұлы (Archibaaalt).

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл ойын — футбол тарихының тірі куәгерлерін көруге таптырмас мүмкіндік. Әлемдік жұлдыздардың тізімі шынымен әсерлі:

  • Кларенс Зеедорф, Виктор Баия, Марко Матерацци, Хавьер Дзанетти, Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон, Сержиньо, Клод Макелеле, Джей-Джей Окоча, Димитар Бербатов, Халилу Фадига, Гаиска Мендьета, Эстебан Камбьяссо, Фернандо Морьентес.

Матчты Нидерланд аңызы Кларенс Зеедорф ресми түрде жария етті. Ол — үш түрлі клубпен Чемпиондар лигасын жеңіп алған жалғыз футболшы:

  • “Аякс” (1994/95),
  • “Реал Мадрид” (1997/98),
  • “Милан” (2002/03 және 2006/07).
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары