Семей Еуропа чемпионатын қабылдайды
Семейде футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.
Elimai Stadium – Семейдегі жаңа символ
Семейде бой көтеріп жатқан жаңа стадион бастапқы жоспардан да кең көлемде салынбақ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елдің бірнеше өңірінде заманауи стадиондар жедел түрде тұрғызылып жатыр. Бұл — алдағы жастар арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдауға дайындықтың бір бөлігі.
Жаңа стадионның жобасы қайта қаралып, оның сыйымдылығы 10–12 мың көрерменге дейін ұлғайтылады. Бұл көрсеткіш те соңғы емес — болашақта одан да арттырылуы мүмкін.
Жаңа арена – ескі орын
Стадион бұрынғы "Пищевик" спорт нысанының орнында, қаланың сол жағалауында салынады. Болашақта ол "Elimai Stadium" деп аталады. Стадион UEFA-ның үшінші санатына сай келіп, Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесулерін және еурокубоктардың іріктеу матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа футбол алаңы
- Толығымен салынып, сертификатталған;
- Қосалқы құрам, әйелдер командасы және балалар академиясының ойындары қабылданып жатыр;
- Айналасын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын;
Қаржыландыру толық клуб есебінен.
- Қонақүй құрылысы
- Жер телімі сатып алынған;
- Халықаралық брендпен келісім жасалған;
- Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр;
- Инвесторлармен және банкпен жұмыс жүріп жатыр;
Бұл – клуб бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба.
Жабық футбол манежі
- Футбол алаңы мен киім ауыстыру ғимаратының құрылысы 90% дайын;
- Қазір күмбез қондырылып жатыр – бұл жоба Турлов есімді демеушімен бірлесіп жүзеге асуда;
- Демеушіні клубтың өзі тартқан – бұл қазақ футболында сирек кездесетін жағдай.
"Спартак" стадионына жаңғырту жұмыстары
- Жаңа сапалы көгал;
- LED-экран, автоматты суару жүйесі;
- Жарықтандыру, спорттық бөлмелерді жөндеу;
- Жүгіру жолақтары мен жаңа құрал-жабдықтар орнатылған.
Аягөз қаласы
- Алаңның шөбі жаңартылды;
- Мұнда дубль құрам мен балалар орталығының ойындары өткізіледі;
- Бұл жоба Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылуда.