ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Абат Айымбетов түрік алаңында төбелескер мінез көрсетті (ФОТО)

Қазақстан ұлттық құрамасының және Түркияның "Адана Демирспор" клубының шабуылшысы Абат Айымбетов "Бешікташқа" қарсы матчта тек футболмен емес, төбелескер мінезімен де көзге түсті. 

Абат Айымбетов түрік алаңында төбелескер мінез көрсетті (ФОТО)
haber7.com

Ерте шыққан – ерлік көрсетті

Ойынның небәрі 19-минутында алаңға шыққан Айымбетов екінші таймда әуе дуэлінде қарсыласын шынтағымен ұрып, оның тісін сындырды. Бұл эпизод үшін төреші қазақстандыққа сары қағаз көрсетті.

Габриэль Паулиста. ФОТО: aktifhaberkibris.com

Қарсыласы кезінде Лондонның "Арсеналында" ойнаған бразилиялық қорғаушы Габриэль Паулиста. Оқиға барысында ол да эмоцияға ерік бергенімен футболда Абатты айласымен жеңе алды.

Жеңіліс, бірақ тәжірибе мол

Ойынның қорытындысы көңіл көншітпеді. "Адана Демирспор "Ыстамбұлдың алып клубынан 4:1 есебімен ойсырай жеңілді. Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов бұл матчқа жарақатына байланысты қатысқан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.