Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Семей Еуропа чемпионатын қабылдайды

Сарапшы, спорт журналисі

Семейде футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. 

Семей Еуропа чемпионатын қабылдайды
offside.kz

Elimai Stadium – Семейдегі жаңа символ

Семейде бой көтеріп жатқан жаңа стадион бастапқы жоспардан да кең көлемде салынбақ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елдің бірнеше өңірінде заманауи стадиондар жедел түрде тұрғызылып жатыр. Бұл — алдағы жастар арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдауға дайындықтың бір бөлігі.

Жаңа стадионның жобасы қайта қаралып, оның сыйымдылығы 10–12 мың көрерменге дейін ұлғайтылады. Бұл көрсеткіш те соңғы емес — болашақта одан да арттырылуы мүмкін.

Жаңа арена – ескі орын

Стадион бұрынғы "Пищевик" спорт нысанының орнында, қаланың сол жағалауында салынады. Болашақта ол "Elimai Stadium" деп аталады. Стадион UEFA-ның үшінші санатына сай келіп, Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесулерін және еурокубоктардың іріктеу матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.

ФОТО: kazfootball.kz

Жаңа футбол алаңы

  • Толығымен салынып, сертификатталған;
  • Қосалқы құрам, әйелдер командасы және балалар академиясының ойындары қабылданып жатыр;
  • Айналасын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын;

Қаржыландыру толық клуб есебінен.

  • Қонақүй құрылысы
  • Жер телімі сатып алынған;
  • Халықаралық брендпен келісім жасалған;
  • Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр;
  • Инвесторлармен және банкпен жұмыс жүріп жатыр;

Бұл – клуб бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба.

Жабық футбол манежі

  • Футбол алаңы мен киім ауыстыру ғимаратының құрылысы 90% дайын;
  • Қазір күмбез қондырылып жатыр – бұл жоба Турлов есімді демеушімен бірлесіп жүзеге асуда;
  • Демеушіні клубтың өзі тартқан – бұл қазақ футболында сирек кездесетін жағдай.

"Спартак" стадионына жаңғырту жұмыстары

  • Жаңа сапалы көгал;
  • LED-экран, автоматты суару жүйесі;
  • Жарықтандыру, спорттық бөлмелерді жөндеу;
  • Жүгіру жолақтары мен жаңа құрал-жабдықтар орнатылған.

Аягөз қаласы

  • Алаңның шөбі жаңартылды;
  • Мұнда дубль құрам мен балалар орталығының ойындары өткізіледі;
  • Бұл жоба Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір