"Әл-Наср" Роналдусыз 9:0 есебімен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:06

"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 31-турында сенсациялық жеңіске жетті. Криштиану Роналду бұл ойында алаңға шықпағанымен оның командасы "Әл-Ахдуд" клубын тас-талқан қылды. 

naefes.com.tr

Наджранда голдан жаңбыр жауды

Ойын Наджран қаласында өтті. Ерекше атап өтерлігі, "Әл-Ахдуд" қақпашысы Пауло Витор 47-минутта қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Бұдан кейін "Әл-Наср" толық үстемдік орнатты:

  • Садио Мане – покер авторы (45+6, 59, 64, 74 минуттар);
  • Джон Дуран – дубль (20, 52);
  • Айман Яхья – 16-минутта есеп ашты;
  • Марцело Брозович – 27-минутта мергендігін көрсетті;
  • Мохаммед Мара – 90+4-минутта пенальтиден соңғы нүктені қойды.

Тарихтағы ең ірі жеңіс

Бұл нәтижесімен "Әл-Наср" өзінің бүкіл тарихындағы ең ірі жеңісін атап өтті. Бұған дейін мұндай айырмашылықпен жеңіс тіркелмеген. 

Роналду неге алаңға шықпады?

Матчқа Португалия жұлдызы Криштиану Роналду қатысқан жоқ. БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Стефано Пиоли 40 жастағы шабуылшыға демалыс беруді жөн көрген.

Қазір "Әл-Наср" чемпионатта 63 ұпаймен үшінші орынға ие.  Ал "Әл-Ахдуд" 28 ұпаймен 17-орында тұр.

Роналдудың жаңа жалақысы таңдай қақтырды

Сондай-ақ жақында Криштиану Роналдудың жаңа келісімшарты бойынша бір минутта 200 мың теңге табыс табатыны белгілі болды. Бұл – әлем футболындағы ең жоғары жалақылардың бірі.