Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын "Атырау" клубы құрамында ауқымды өзгерістер жасады. Команданың бас менеджері Дидар Сыдықбектің мәліметінше, бірден төрт шетелдік ойыншымен келісімшарт үзілді.
Командадан кеткен футболшылар:
Олардың екеуі клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың қатарында болған. Бәрі легионер мәртебесіне ие.
Дидар Сыдықбек бұл шешімнің өзара келісім негізінде қабылданғанын атап өтті:
"Барлық ойыншылармен келісімшарттар өзара келісім бойынша бұзылды. Ешқандай өтемақы төленген жоқ. Алдағы екі ойында басқа футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Командаға серпін қажет. Егер жағдай өзгермесе, орнын босатуға дайын жаңа есімдерге жол ашамыз", – деді клуб басшысы.
Сыдықбектің айтуынша, команда құрамында қосымша өзгерістер де болуы мүмкін. "Атыраудың" нәтижесін жақсарту үшін кемінде 6–7 жаңа ойыншы қажет.