Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Неймар неге Бразилия құрамасына шақырылмады? Анчелотти нақты түсіндірді

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 09:25

Бразилия ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Карло Анчелотти Неймардың неге маусым айындағы матчтарға шақырылмағанын түсіндірді. 

people.com
Реклама
Реклама

Анчелотти құрама тізімін жариялады

Италиялық маман мадридтік "Реалмен" қош айтысып, енді "пентакампеондарды" 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бастап шықпақ. Бразилия маусым айында Эквадор мен Парагвайға қарсы ойын өткізеді. Бірақ жанкүйерлердің назары бірден негізгі құрамда Неймардың жоқтығына ауды.

"Ол жақында ғана жарақатынан айықты" – Анчелотти

Бапкер бұл шешімнің себебін нақты түсіндірді. Журналист Фабрицио Романо Карло Анчелоттидің сөзін келтіреді:

"Неймар тізімде жоқ, себебі ол жақында ғана жарақатынан айықты. Мен онымен сөйлестім, бәрін келістік. Мен оған сенемін және болашақта құрамадан күтемін. Оның әлем чемпионатына ең жоғары дайындықпен келуін қалаймын", – деді Анчелотти.

Басқа жұлдыздар неге құрамадан тыс қалды?

Сондай-ақ, Анчелотти "Манчестер Сити"сапында ойнайтын Родриго, Жоэлинтон, Эдерсон, сондай-ақ Эдер Милитаоның да жарақат салдарынан ұлттық құрамаға шақырылмағанын айтты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары