Бақтиер Зайнутдиновтың болашағы анықтала бастады: Түркиядан ресми ақпарат келді

Редактор Penalty.kz
11.06.2025, 12:30

Қазақстандық қорғаушыны "Динамо" шақырып отыр. 

kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының және түркиялық "Бешікташ" клубының қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың болашағына қатысты нақты мәлімет Түркиядан келіп жетті. Бұл жөнінде Şafak Malatya басылымы хабарлады. 

Мәскеудің "Динамосы" алда келеді

27 жастағы футболшыға бір ғана клуб көз тігіп отырған жоқ. "Динамодан" бөлек, "Зенит" пен "Краснодар" да Зайнутдиновқа қызығушылық танытып отыр. Дегенмен ең тиімді шарттарды Мәскеудің "Динамосы" ұсынып отыр. Қазір дәл осы клуб фаворит саналады.

Бұған дейін "Чемпионат" басылымы да Зайнутдиновқа деген "Динамоның" қызығушылығы жайлы жазған. Алайда "Зениттің" басқарма төрағасы Александр Медведев "ВсеПроСпорт" басылымына берген сұхбатында бұл мәліметті жоққа шығарды.

Зайнутдинов қайда ойнаған?

Зайнутдинов 2023 жылы "Бешікташқа" ауысты. Өткен маусымда ол барлығы 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Бұған дейін ЦСКА сапында өнер көрсетті.

Transfermarkt порталының дерегі бойынша, қазір ойыншының нарықтағы бағасы 3,3 миллион еуро деп бағалануда.