ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Кевин Де Брюйне Италияда ойнайды

Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне "Манчестер Ситиден" ресми түрде кетіп, "Наполиге" ауысты. 

Кевин Де Брюйне Италияда ойнайды
spazionapoli.it

Келісім ресми түрде бекітілді

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлағандай, Де Брюйне мен "Наполи" арасындағы келісім толық бекітілген. Алдағы уақытта футболшы медициналық тексеруден өтіп, барлық ресми құжаттарға қол қояды.

Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарттың мерзімі — екі жыл.

Жалақы мен келісімшарттың егжей-тегжейі

Италиялық басылымдардың мәліметіне сәйкес, Кевин Де Брюйне жаңа клубта жылына 5 миллион еуро көлемінде жалақы алады. Бұл көрсеткіш Еуропадағы үздік ойыншылардың қатарында екенін тағы да дәлелдейді.

"Манчестер Ситиде" соңғы маусымдағы көрсеткіштері

2024/25 маусымында 33 жастағы Де Брюйне АПЛ-дегі соңғы маусымын лайықты деңгейде өткізді. Ол 40 матчқа қатысты. 6 гол соғып, 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?