Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Реалда" бүлік шықты. Президент Хаби Алонсоның тілегін орындамады

Редактор Penalty.kz
11.06.2025, 15:00

Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо маусым басталмай жатып клуб басшылығымен келіспеушілікке тап болды. Испаниялық Don Balon басылымының мәліметінше, бапкер "Реал Сосьедадтан" Мартин Субимендиді сатып алудан бас тартқанына қатты наразы.

sportbible.com
sportbible.com

Субименди басты трансферлік мақсат болған

Хаби Алонсо 26 жастағы жартылай қорғаушыны өзінің тактикалық жоспарына сай келетін негізгі ойыншы ретінде қарастырған. Оның Тони Кроос пен Лука Модричтің кетуінен кейін орталық алаңдағы бос орынды толтырады деп сенген.

Бапкердің пікірінше, Орельен Тчуамени мен Эдуардо Камавинга өздеріне жүктелген міндетті толық орындай алмайды, ал Федерико Вальверде жиі өзіне тән емес позицияларда ойнауға мәжбүр.

Бұрынғы таныстық пен ұлттық құрамадағы өнері әсер етті

Айта кетейік, Алонсо Субимендиге етене таныс. Олар бұған дейін "Реал Сосьедадтың" екінші құрамында бірге жұмыс істеген. Сонымен қатар бапкер Субимендидің Ұлттар лигасындағы Испания құрамасы сапындағы соңғы ойындарына жоғары баға берген.

Оның келісімшартындағы 60 миллион еуро көлеміндегі өтемақы "Реал" үшін тым қымбат саналмаған. Соған қарамастан келіссөздер басталмады.

Мартин Субименди. ФОТО: theanalyst.com

Флорентино Перестің үнсіздігі — "Арсеналдың" мүмкіндігі

Мәліметтерге сүйенсек, клуб президенті Флорентино Перес бұл трансферге байланысты ешқандай нақты қадамға бармаған. Нәтижесінде Мартин Субименди "Арсеналдың" ұсынысын қабылдап, жақын күндері ресми түрде лондондықтардың ойыншысы ретінде таныстырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір