Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ФИФА Израильге қарсы санкциялар дайындап жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
18.06.2025, 19:41

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Израильге қарсы санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шешімнің қабылдануына Израиль мен Иран арасындағы ашық әскери қақтығыстар себеп болып отыр. 

meta.ua
Реклама
Реклама

Израиль чемпионатындағы легионерлер клубтармен келісімшартты үзуі мүмкін

ФИФА-ның алдын ала қарастырып жатқан шешімдерінің бірі – Израиль чемпионатында ойнап жүрген шетелдік футболшыларға жергілікті клубтармен келісімшартты қаржылай өтемақысыз тоқтатуға рұқсат беру. Мұндай тетік One басылымының мәліметінше, ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданбақ.

Бұған дейін Ресейге де ұқсас шаралар қолданылған

Айта кетейік, мұндай ереже 2022 жылы Ресейге қарсы да қолданылған. Украинадағы әскери жанжал ушыққан кезде ФИФА Ресей клубтарында ойнайтын легионерлерге дәл осындай құқық берген. Бұл шетелдік футболшылардың жеке қауіпсіздігі үшін жасалған қадам ретінде бағаланған.

Израильдік командалар әзірге жарыстардан шеттетілген жоқ

Дегенмен Ресей жағдайынан айырмашылығы – Израиль клубтары әзірге халықаралық және еуропалық турнирлерден шеттетілген жоқ. Ал Ресей футболы сол кезде халықаралық аренада толық оқшауланған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары